Қазақстанда мектепке жақын орналасқан мешіттер сүріле ме?
Қазақстанда мектепке жақын орналасқан мешіттер сүріле ме?
6 жыл бұрын 3768

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Балғабек Мырзаев мешіттердің сүрілуіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Sputnik агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

“Комитет кеше отандық БАҚ беттерінде жарық көрген “Қазақстанда мектепке жақын орналасқан мешіттер сүріледі” деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Өйткені елімізде 2018 жылғы сәуір айында 300 метр аумақта орналасқан барлық мешітті бұзатын ереже немесе діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданған жоқ. Осы жерде түсініспеушіліктің туындағаны анық. Қазіргі уақытта, қолданыстағы заңнамаларға мұқият үңіліп қарайтын болсақ, БАҚ бетінде жарияланған ақпараттың бір-бірінен алшақ кетіп жатқанын көреміз”, — деді Мырзаев.

Заңдағы талап бойынша, кей аумақ пен ғимараттардың мешіттен 300 км қашықтықта кем емес жерде орналасуы көрсетілген.  Әуежай, сапаржай және теміржол вокзалдарында орналасқан, діни құлшылықты орындауға арналған ғибадат ету бөлмелеріне де осындай талап қойылады. Тек мешітке жатпайтын діни бірлестіктерге тиесілі діни ғимараттарға қатысы жоқ.

Бұл жағдай басқа нормалармен реттеледі. 

“Осы орайда, 300 метрден кем емес қашықтықта орналасу шарты тек қана діни заттарды сататын дүкендер және ғибадат үйлерінен (мысалы, мешіттер) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған орындарға ғана қолданылады. Сондықтан қоғамның мешіттер немесе басқа дін өкілдерінің діни ғимараттары сүріледі деп дүрлігуіне ешқандай негіз жоқ деп сендіре аламын”, — деді Мырзаев.

0 пікір
Мұрағат