Қазақстанда кедейлік шегіне жеткендердің саны 1,1 миллионнан асты
Қазақстанда кедейлік шегіне жеткендердің саны 1,1 миллионнан асты
1 ай бұрын 482 Kaznovosti.kz 24.kz

Елімізде коронавирустық пандемияға байланысты жарияланған карантиннен кейін кедейлер саны өсті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz  Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтар саны 5,7 пайызға жеткен (бір жыл бұрын – 4,3% болған). Бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. Мамандар мұның басты себебін елдегі төтенше жағдай мен карантин режимінің енгізілуімен байланыстырады. Өйткені, осы уақыт аралығында Қазақстандағы экономикалық белсенділік күрт төмендеген. Айта кетейік, 2020 жылдың екінші тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі республикада 32,6 мың теңгені құрады.

Л

Осылайша, айлық табысы 32,6 мың теңгеден аспайтын қазақстандықтардың саны 1,1 миллион адамға жетіп отыр. Бұрынғыша қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары табысының айырмасы өте алшақ. Екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін ауылдықтар 7,8 пайызды құраса, қалалықтар – 4,2 пайыз.

Д

Кедейліктің шегіне жеткендер саны еліміздің барлық өңірінде өскен. Көш басында Түркістан облысы – 12,8%, СҚО – 7,4%, Жамбыл облысы – 6,9%, Қызылорда облысы – 6,9% және Ақмола облысы – 6,7%. Осы бес облыстағы кедейлікте өмір сүріп жатқан тұрғындардың жалпы саны 481,8 мың адамға жеткен.

Санжар Төлеубек

Әлемде 1,1 млрд адам кедейлікте өмір сүреді  

Әлемде 1 млрд 100 млн адам кедейлікте өмір сүреді, деп хабарлайды 24kz.

Олардың көбі балалар. Сонымен қоса, кедей адамдардың шамамен жартысы тұрақсыздық орнаған не қарулы қақтығыстар жүріп жатқан елдерде тұрады. БҰҰ осындай деректерді келтіріп отыр. Мамандар 112 елдегі жағдайды саралаған.

«Сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін», - дейді олар. Өйткені, атыс-шабыс жүріп жатқан мемлекеттерде нақты статистиканы алу мүмкін емес. Зерттеу жүргізген кезде бала өлімі, тамақтану деңгейі, мектепке баратын оқушы саны, су мен электр энергиясының қолжетімділігі секілді 10 негізгі көрсеткіш есепке алынған.

БҰҰ-ның өкілдері, әсіресе, Ауғанстандағы ахуалға алаңдаулы. Мұнда 8 жыл ішінде кедейлер саны шамамен 5,5 млн адамға көбейген. Сөйтіп, 35 миллион халықтың үштен екісі кедейдің кебін киюге мәжбүр.

 

0 пікір
Мұрағат