Қазақстанда жылына 200 мың литр донор қаны даярланады
Қазақстанда жылына 200 мың литр донор қаны даярланады
10 жыл бұрын 3954

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақстанда соңғы жылдары ақысыз қан донорлығы саласында тұрақты өсім байқалады. Жылына 200 мың литр донор қаны әзірленіп, 300 мыңдай донация жасалады. Бұл турасында бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифинг барысында ҚР ДСӘДМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының трансфузиолог дәрігері Зәуреш Әлменова хабарлады.

Брифингте ақысыз ерікті донорлықты дамыту мәселесінде үкіметтік емес секттордың рөлін арттыру қажеттілігі сөз болды.
«Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен ерікті ақысыз донор «алтын стандарт»болып табылады. Ал қаржылай немесе өзге де мүддесі бар донорлар қауіпті болуы мүмкін. Ақысыз донорлық жүйесі болмаса әлемнің бірде-бір елі қан құюға мұқтаж науқастарды қанның қажетті көлемімен қамтамасыз ете алмайды» дейді З. Әлменова.

Қазақстанда 2011 жылы алғаш рет ерікті ақысыз донорлықты насихаттау жобаларын іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға қаражат бөлінген. Сонымен бірге 2013 жылы ҚР ДСӘДМ тапысырысмен «Капля жизни» қоғамдық бірлесітігінің жоба шеңберінде 17 қан орталығы ашылып, тұрғындар арасында ерікті қан және гемопоэтикалық дің жасушалары донорлығын насихаттау бағытында жұмыс істеп келе жатыр.

Ая ӨМІРТАЙ 

 

0 пікір
Мұрағат