Қазақстанда жұмыссыздар көбейді
|
2016 жылдың тамызында жұмыссыздар саны 1,2 пайызға, жұмыспен қамтылған халық саны 1,4 пайызға азайды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысатындардың саны да арта түскен. Бұл туралы "ranking.kz" сараптамалық қызметі хабарлады.
2016 жылдың тамызында еңбек нарығының ахуалы біршама нашарлады. Экономикалық белсенді халықтың халықтың үлесі 1,2 пайызға азайып, 8968,3 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандардың саны 1,4 пайызға түсіп, 8519,8 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі шілдедегі 5 пайыздық көрсеткіште қалды. Дегенмен, жұмыссыздар саны 1,2 пайызға өсіп, 448,5 мың адамға көбейді.
Жұмыссыздар арасында әйелдер үлесі басым: олар 55,2 пайызды құрап, 247,1 мыңға жетті (ерлер 44,8 пайыз). Жұмыссыздар ішінде 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі — 10,2 пайыз (45,8 мың адам), 15-28 жас аралығындағылар — 21,4 пайыз (95,6 мың адам).
Алдыңғы тоқсан статистикасы өзгермей, еңбек капиталының басым бөлігімен ОҚО, Алматы облысы мен Алматы қаласы қамтамасыз етіп отыр. Аталған өңірлерде 3 млн экономикалық белсенді халық шоғарланған, ол жалпы еңбек күшінің 35 пайызын құрайды.