Қазақстанда жұмысқа қабылданғандарға қарағанда жұмыстан кеткендер саны көп
Қазақстанда жұмысқа қабылданғандарға қарағанда жұмыстан кеткендер саны көп
8 жыл бұрын 3463 7kun.kz

2016 жылдың ІІІ тоқсанында ірі және орта кәсіпорынға 222,4 мың адам жұмысқа қабылданды. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды. 

Ведомство мәліметі бойынша сол периодта түрлі себептермен 230,7 мың адам қызметінен кеткен. Жұмысынан босатылғандардың 71%-ы тұрақсыздыққа, 3,7%-ы штаттың қысқаруына және 25,3%-ы өзге себептерге байланысты орындарынан айырылды.

Осы тоқсанның соңында ірі және орта ұйымдарда 25,7 мың бос вакансия болды. Жұмысқа қабылдау коэффициенті — 8,2%, жұмыстан босату коэффициенті — 8,5%, жұмыс күшінің тұрақсыздығы коэффициенті — 6,1%. Жұмыс күшінің орнын басу коэффициенті — 96,4%.

Статистика комитетінің соңғы мәліметі бойынша 2016 жылғы 3 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 141187 теңгені құрады. Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді  қазуда – 313,2 мың теңге (2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру  қызметінде – 254,9 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 196,3 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 182,0 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді.

Өңір бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 279,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 2,0 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 94,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,1%-ға төмен.

0 пікір
Мұрағат