Қазақстанда ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін
Қазақстанда ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін
8 жыл бұрын 3151

Қазақстанда ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.  

Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы талқылап жатыр. "Мұндай жеңілдікке барсақ, абитуриенттер шетелдік оқу орындарына ағылмай, өзіміздің білім ордаларына түсер еді", - дейді мамандар.

Министрлік өкілдері осы мәселені қолға алып, ұлттық және мемлекеттік университеттердегі білім беру жүйесіне бірталай өзгеріс енгізуді ойластырып отыр. Мәселен, университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Оған сәйкес, білім ордалары нарық сұранысына қарай өздерінің оқу жүйелерін құруға міндетті болады. Өз-өздерін дамытуды қолға алатын жоғары оқу орындары қоғамда бәсекеге қабілетті кадрлар даярлап, сапалы мамандар шығаруы тиіс.

"ҰБТ-ның нашарлығы бар деп көп адам сынға алып жүрді. Сондықтан да біздің министірліктен сұрап жүргеніміздің де себебі бар. Ендігі жылдан бастап ақылы бөлімге алатындарды оқу орындары өздері қабылдасын. Ғалымдар да, мамандар да жеткілікті. Өздері де емтихан қабылдауға шамалары жетеді деп ойлаймыз", - деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

0 пікір
Мұрағат