Қазақстанда жиі ұрланатын көліктің екі маркасы анықталды
Қазақстанда жиі ұрланатын көліктің екі маркасы анықталды
8 жыл бұрын 4321 inform.kz

Биыл Қазақстанда 570-тен астам көлік ұрлығы тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті хабарлады.

«2016 жылдың 8 айында Қазақстанның Республикасының Ішкі істер органдарында 574 көлік ұрлығы тіркеліп, оның 61-і сотқа жолданды. Ал 99 факті бойынша келтірілген шығын толығымен өтелді»,-дейді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, соңғы кезде ұрылар автокөлікке кірудің жаңа әдістерін тауып жатыр. Осы ретте компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктері қолданылуда. Бұрын терезені сындыру және автокөлік есігін сәйкес кілттермен ашу әдістері көп кездесетін еді.

«Автокөліктерді ұрлау оқиғаларына жүргізілген талдауға сүйенсек, жыл басынан бері Ресей өндірісінің «ВАЗ», сонымен қатар жапондық «Тойота» маркалы автокөліктер жиі ұрланған»,-деп атап өтілген ведомство мәліметінде. 

0 пікір
Мұрағат