|
Қазақстанда жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады
|
Жеке куәліктің электронды нұсқасы шықты, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің жеке куәлігін электронды түрде табу оңай. Жеке куәліктердің электронды түрі "eGov mobile" мобильді қосымшасында қолжетімді. #NITEC ("Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ) веб-әзірлеушілері жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болмаса, "eGov mobile" мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы оның электронды нұсқасын қолдана аласыз", - деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
"eGov mobile" мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қосымшаларында қолжетімді. Оны қалай қолдану керектігі туралы nitec.kz және egov.kz сайттарынан білуге болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ұшатын қолшатырдың жетілдірілген нұсқасы жасалды (видео)
■
Өткен жылы қасиетті қос мешітті (Харам мешіті мен Пайғамбар мешіті) есептемегенде туристер ең көп бас сұққан құлшылық үйі белгілі болды
■
Тағы бір ел электронды қоқыс импортына тыйым салды
■
Брендті жылжымайтын мүлік бойынша әлем астанасына айналған қала аталды
■
Әлемде алғаш рет тек әйелдерге арналған замауни мешіт ашылды (фото)