Қазақстанда жайылым жерлерінің картасы құрастырылады
Қазақстанда жайылым жерлерінің картасы құрастырылады
9 жыл бұрын 6716 7kun.kz

Қазақстанда жер ресурстарын тиімді жүзеге асыру мақсатында жайылымдарды пайдалану жоспары жасалады. Ауыл шаруашылық мәселелері бойынша комитеттің хатшысы Жексенбай Дүйсебаевтың мәлімдеуінше, жоспар жергілікті атқарушы органдардың қатысуы арқылы құрастырылады.

«Аудан әкімдігі ауылдық округтегі жергілікті атқарушы органдармен біріге отырып ауыл маңындағы жайылымдарды пайдалану жоспарын құрастырады. Мұндай осыған дейін болған емес. Төрт түлік малдың санына байланысты жайылым қарастырамыз. Барлығы да жергілікті басқарма негізінде демократиялық түрде жүргізіледі. Осыдан кейін жоспар аудандық мәслихаттың қарауына беріледі», — деп мәлімдеді Жексенбай.

Мәжіліс депутаттарының мәлімдеуінше, Қазақстанда 100 млн гектардан аса жайылым пайдаланбайды, ал елдімекендер маңындағы 27 млн гектар жер құнарынан айырылған.

«Біз қазір инвестициялық субсидиялаудың жаңа құжатын жасап жатырмыз, бұл субсидия бөлінетін тізімге жаңа объектілерді қосуға мүмкіндік береді. Осы арқылы құнарынан айырылған 27 млн гектар жерді де қалпына келтіре аламыз», — деп мәлімдеді ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева.

Сондай-ақ ол қазір «Агробизнес-2020» бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп жатқандығын және жақын арада мемлекеттік бағдарлама статусын иеленетіндігін атап өтті.

Осыған дейін қазақстандықтар жер салығының көтерілуіне байланысты тиімсіз пайдаланылған 2,5 млн гектар ауыл шаруашылық жерлерін қайтарып берген еді.

0 пікір
Мұрағат