Қазақстанда исламдық қаржыландыру: Тренд немесе қажеттілік
|
Қазақстан Республикасында елімізді дамытудың экономикалық үлгісін нығайту үшін жаңа қаржы құралдарына сұраныс күннен-күнге артып келеді. Мұндай құралдардың бірі орасан әлеуетке ие исламдық қаржыландыру.
Осы жылғы наурызда Астанада өткен ТМД IFN форумында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов шариғат қағидаттарына негізделген экономиканы дамытудың не үшін маңызды екенін түсіндірді. Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру «Астана» халықаралық қаржы орталығының басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан үшін бұл инвестиция тарту мүмкіндігі. Исламдық қаржыландыру нарығы барынша ауқымды, яғни, 2 трлн доллар. Қазіргі уақытта көптеген елдер исламдық қаржыландыруға мүдделі. Бұл шариғат нормаларына сәйкес корреляциялануы тиіс жеткілікті дәрежеде жоғары этикалық қағидаттарды көздейтін арнайы заңнама. Қазақстан ТМД елдерінде исламдық қаржыландырудың пионер-көшбасшысы болу мүмкіндігін қарастыра алады», - деді Келімбетов.
2009 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардын қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" туралы заңға қол қоюдың арқасында Қазақстан заңнамалық деңгейде исламдық қаржыландыруды енгізген ТМД-дағы алғашқы ел болды. 2010 жылдан бастап жыл сайын Қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясы өткізіледі. 2011 жылы Астанада тіпті 7-ші Дүниежүзілік исламдық экономикалық форум өтті. 2020 жылға дейінгі исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасы толықтай іске асырылып жатыр. Ал халықаралық сарапшылар Алматыны ТМД мен Орталық Азияның исламдық қаржылық хабы деп атады. Дегенмен ҚР-да ислам моделін сәтті енгізу мен дамыту үшін барлық қажетті шаралар қабылданды десек те, ол Қазақстанда сарапшылар болжағандай, таныла қойған жоқ.
Осы орайда исламдық қаржыландыру бойынша белгілі халықаралық сарапшы шейх Билял Кхан БАҚ-та өз пікірін білдірді.
«Сіздің елдің өңірлік исламдық қаржыландыру орталығы болатындай керемет мүмкіндіктері бар. Бірақ бұл үшін адам капиталын ұлғайтып, исламдық қаржыландыруды дамыту үшін құқықтық инфрақұрылымды дамыту, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бизнес иелерін исламдық құқық сәйкестігі нормаларына оқыту үшін семинарлар мен тренингтер өткізу қажет», деді Билял Кхан.
Ислам банкінің бас операциялық директоры Прасад Абрахам жағдайды ҚР-да бірнеше ислам банктерін ашу арқылы шешуге болатынын айтты.
«Қазақстанда тағы екі немесе үш ислам банкін ашу қажет. Олар ашылған кезде исламдық қаржыландыру нарығы жылдамырақ дамиды. ҚР қаржы нарығында бір ислам банкі жеткіліксіз», - деді Абдрахам.
Атап өтсек, қазіргі уақытта Қазақстанда бір ислам банкі бар - «Al Hilal Ислам банкі» АҚ. Биыл ықтимал акционерлері малайзиялық «Amanah Raya» қаржы тобы, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Fattah Finance» АҚ болатын екінші ислам банкі ашылады деп күтілуде. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталу сатысында.