Қазақстанда гепатит, қант диабеті мен балалар сал ауруын тегін емдеуді тоқтатпақ
Қазақстанда гепатит, қант диабеті мен балалар сал ауруын тегін емдеуді тоқтатпақ
6 жыл бұрын 3391

Қазақстанда бұдан былай қант диабеті, гепатит пен балалар церебалды сал ауруы т.б. тегін емдемеуі мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтар жобасында айтылды, деп хабарлайды stan.kz порталы Sputnik ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 6 маусымда тоқтатылады. Заңның түзетілген нұсқасында туберкулез, АИВ (ВИЧ), онкологиялық аурулар, психикалық дертке шалдыққандарға берілетін дәрілер қатары ғана бар. Ал, тізімнен вирусты гепатит, қант диабеті, балалардың  церебалды сал ауруы, жедел миокард инфаркі, ревматизм, жүйке жүйесінің аурулары алынып тасталды.

2017 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында әлеуметтік маңызы бар бірнеше дертті емдеу жөнінде медициналық қызмет көрсетілетіні айтылған. Енгізілген нормативті акт бойынша, еліміздің барлық азаматы аталған ауру түрлеріне қатысты тегін ем алуға құқылы болатын.

0 пікір
Мұрағат