Қазақстанда ерекектердің 30 пайызы ұрпақ таратуға мүлде жарамсыз
Қазақстанда ерекектердің 30 пайызы ұрпақ таратуға мүлде жарамсыз
7 жыл бұрын 3573

Қазақстанда ерекектердің жартысынан астамында эректильді дисфункция бар. Ал 30 пайызы мүлде ұрпақ таратуға жарамсыз деп хабарлайды nur.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Уролог мамандардың дерегі адам шошырлық. Еркектердің әйелдерге қарағанда он жылға аз өмір сүруіне айтарлықтай әсер ететін себептердің бірі осы екен. 

Ақ халаттылардың айтуынша, тап осы жыныстық қатынас мәселесінде ерлердің жағдайы мәз болмай тұр екен. Жоғарыда аталған деректерден бөлек, тағы 45 пайызға жуығы жыныстық жолмен таралатын түрлі жұқпалы ауруларға шалдыққан.

Сондай-ақ, иммун тапшылығы вирусы, СПИД диагноздарымен есепте тұрған ерлердің саны әйелдерге қарағанда екі есе көп.

Еліміздің 14 облысына сараптама жасаған мамандар осындай нәтижелерге тап болыпты. Соның салдарынан еркектер өміріне қауіпті төндіретін жүрек-қан тамырлар ауруына, қант диабетіне, семіздікке тап болады дейді дәрігерлер.

"Ерлердің денсаулығы тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде ойдағыдай емес. Себебі, дәрігерге үш есе кем барады, Қазақстанда ерлердің өмір сүруі әйелдерге қарағанда он жылға кем. Барлық облыста ерлер денсаулығы деген орталық ашылды. 195 мың еркек сол орталықтан бүгін өтті", - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев.

0 пікір
Мұрағат