Қазақстанда енді сарбаздар әскери борышын өз өлкесінде өтей алады
Қазақстанда енді сарбаздар әскери борышын өз өлкесінде өтей алады
1 жыл бұрын 842 stan.kz

Жас сарбаздар ел алдындағы борышын өз өңірінде өтей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.  

120-дан астам сарбаз Түркістан облысы бойынша департаментінің аумағына өз әскери қызметтерін жалғастыру мақсатында келді. Осыған орай ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шекара бөлімшесінде психологтар жас сарбаздармен тесттер мен тренингтер өткізді. Мандаттық комиссиядан кейін сарбаздар негізгі қызмет орындарына жол тартты. Қолға алынған шаралар жастардың әскери қызметке жылдам бейімделуі үшін өз пайдасын тигізуі мүмкін. 

"Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша департаменті бұл іс-шараны жүзеге асырып отырған бірден-бір ведомствалық мекеме. Бұл шаралар ұжымдағы ведомстволық тәртіптің, моральді-психологиясының жақсаруына, сонымен қатар әскери қызметшіге өз өңірінде келісімшарт бойынша қызметке шақырылуына мүмкіндік береді", - деді тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының аға офицері Жанар Хамзина.

"Әскери қызметке келген жігіттермен жеке жұмыс, топтық жұмыс жүргізу, жалпы әскери бөлімге бейімділігін анықтау. Қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру  және осы жігіттердің өз қызметтерін барынша жоғары дәрежеде атқарып, аман-сау оралуына үлес қосу", - деді психолог Гүлжан Вероцкая.

0 пікір
Мұрағат