Қазақстанда экстремизм мен терроризм үшін мүлікті тәркілеу арқылы жаза күшейеді
Қазақстанда экстремизм мен терроризм үшін мүлікті тәркілеу арқылы жаза күшейеді
8 жыл бұрын 4429 inform.kz

Қазақстанда террорлық әрекет жасағаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, олардың мүлкін тәркілеу тәжірибесі енуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов мәлім етті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы атап өткендей, тиісті заң жобасын арнайы құрылған жұмыс тобы әзірлеп шыққан.

«Бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартып, экстремизм мен терроризм үшін міндетті түрде мүлкін тәкілеу арқылы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны күшейтіп жатырмыз», - деді В.Жұмақанов.

Оның айтуынша, экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы алты кодекс пен бірқатар бағыттағы 18 заңға түзету енгізуді көздейді.

0 пікір
Мұрағат