Қазақстанда екінші ислам банкі пайда болады
Қазақстанда екінші ислам банкі пайда болады
8 жыл бұрын 7082 ummet.kz

Қазақстандық коммерциялық Заман-банк таяу уақытта ислам банкі ретінде қызмет көрсете бастайды. Бұл жайында «РИА Новости»-ге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығының әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов хабарлады. «Жуық уақытта ислам қаржы нарығы саласына «Заман-Банк» АҚ банкі қосылады. Банк ислам қағидаларын негізге ала отырып, қаржыландыру қызметін көрсетеді» дейді департамент басшысы. Әбдірахмановтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда бұл бағытта Аl Hilal банкі қызмет істейді. Банктің 2017 жылдың 1 қаңтарындағы республикалық банк секторындағы актив көлемі 0,08 пайызға тең. Алдын ала болжам бойынша, «Заман-Банк» АҚ акционерлері 2016 жылы шілде айында ислам банкі жүйесіне көшу туралы шешім қабылдаған. Ислам банкі – ислам діні қағидаларына сәйкес банк қызметін көрсету әдісі. Бұл жүйе ең алдымен қарыздың пайызын өсіруден бас тартады, сондай-ақ, «жағымсыз өндіріс түрлерінен», мәселен алкогольді өнімдер мен темекі тауарларынан түскен қаржы бойынша операция жасауға жол бермейді.

0 пікір
Мұрағат