Қазақстанда дәрігерлер қателік жібергені үшін өтемақы төлеуі мүмкін
|
Қазақстанда медициналық қызметкерлер жауапкершілігін кепілдендіру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Стратегия-2050 сайты хабарлайды.
Кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру медициналық қызметтің сапасына байланысты арыздардың көбеюіне қатысты ерекше өзектілікке ие болады.
Заң жобасының тұжырымдамасында медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе немқұрайлылық қатынастың болмаған кезінде, азаматтың денсаулығына нұқсан келтірген кезде өтемақы төлеу қарастырылған.
Кәсіптік қателік астарында медицина қызметкерінің адам денсаулығына мақсатты түрде зиян келтіру ниеті болмаса жағдай түсінушілікке ие болады.
Бұл әдіс пациент пен медицина қызметкерінің, денсаулық сақтау субъектілері мен жеке тұлға, жеке медициналық тәжірибемен айналысатын маман мен фармацевтикалық қызметтегі мамандардың мүліктік қызуғышылығын қорғайды.