Қазақстанда аса қауіпті биозертхана салынуда
Қазақстанда аса қауіпті биозертхана салынуда
3 жыл бұрын 1790

Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентінде биологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейлі ғылыми зертханасы және вирустардың қауіпті және аса қауіпті штаммдарына арналған жерасты қоймалары салынуда. Бұл туралы ақпарат 5 қарашада Қазақстан үкіметінің ресми сайтында пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зертханаға ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объект мәртебесі берілді. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2025 жылдың IV тоқсаны. BSL-4 коды (Biosafety level 4) биологиялық қауіпсіздіктің төртінші деңгейін білдіреді.

Бүгінгі күні Алматыда М.Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы жанында Орталық референттік зертхана және Пентагон ақшасына салынған аса қауіпті инфекциялық патогендердің қоймасы жұмыс істейді.  Қазақстандық қоғамда биологиялық қаруды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген болжамдар бар. Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әмірбек Тоғысов айтты.

Ал зертхана құрылысын американдық әскери ведомство қаржыландырғанын АҚИҰҒО директоры Бақыт Атшабар атап өтті. Алайда ол  биозертхана биологиялық қару жасайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кету керек, Алматы зертханасы биологиялық қауіптіліктің 3-ші деңгейіне ие. Ал Жамбыл облысында салынып жатқан зертхана Алматыда жұмыс істейтіндерге қарағанда қауіпті штаммдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары, 4-ші деңгейге ие болады.

"Адырна" ұлттық порталы

0 пікір
Мұрағат