Қазақстанда әрбір 33-ші тұрғында қан айналым жүйесі аурулары кездеседі
Қазақстанда әрбір 33-ші тұрғында қан айналым жүйесі аурулары кездеседі
3 жыл бұрын 2376

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мамандары Жүрек-қан тамырларының аурулары адамдарда аурудың, қолайсыз нәтижелердің, мүгедектіктің әлемде ең көп таралған себебі болып табылады, дейді. Бұл жайында Oinet.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Жыл сайын адамзат Шанхай, Токио, Дели сияқты ірі мегаполистерге тең әр түрлі жастағы 20 миллионға дейін адамды жүрек ауруларынан жоғалтады.  

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ  Баспасөз қызметі хабарлауынша Қазақстанда әрбір 33-ші тұрғында қан айналым жүйесі ауруларының симптомдары, әрбір 12-ші тұрғында жоғары қан қысымының клиникалық симптомдары бар, 19 миллионнан 1,5 млн адам артериялық гипертония бойынша есепте тұр, жүректің ишемиялық ауруы және гипертонияның үлесіне қан айналымы жүйесінің барлық бұзылыстарының 60%-ы тиесілі.

Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан немесе жоғары қан қысымы, қант диабеті, гиперлипидемия немесе дамып келе жатқан аурудың болған жағдайында мұндай аурулардың қаупі жоғары адамдар ерте анықтауды және кеңес беру арқылы, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді қабылдауды қажет етеді.

«Соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер арасында миокард инфарктісінің «жасаруының» тұрақты үрдісі байқалып отыр», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жоғары санатты кардиолог дәрігері Жұлдызай Егембаева.

Заманауи диагностиканың деңгейі патологиялық процесс қайтымды және емделуге келетін жүрек-тамыр жүйесінің көптеген ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат