Қазақстанда әйел президент болуы әбден мүмкін
Қазақстанда әйел президент болуы әбден мүмкін
8 жыл бұрын 3944

Санкт-Петербургте өткен 20-шы Халықаралық экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа "болашақта Қазақстанды әйел адам басқара ала ма?" деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды "Tengrinews.kz" ақпарат көзі.

Кездесудің модераторы, "CNN" телеарнасының жүргізушісі Фарид Закария АҚШ-тағы алдағы сайлауды айта отырып, Қазақстан Президентіне сұрақ қойды.  

"Америка АҚШ-ты әйел президент басқаратын жағдайға дайын ба? Мен сіздің премьер-министрдің орынбасары қызметіне әйел адамды қойғаныңызға назар аударып отырмын. Қазақстанды әйел президент басқаруы мүмкін деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады кездесу модераторы Нұрсұлтан Назарбаевтан.

"Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп кім айтты? Әбден мүмкін. Қазақстанда халықтың 51 пайызы - әйелдер. Гендерлік саясат қалыпты дамып жатыр. Парламенттегілердің 30 пайызы - әйелдер. Үкімет құрамында бірнеше әйел бар. Сондықтан әбден мүмкін, соған дайындалған әйелдер де бар. Үш қызым бар, сондықтан мен әйелдерге ерекше көзқарастағы адаммын", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

0 пікір
Мұрағат