Қазақстанда 85 жастан асқан әйелдердің саны осы жасқа жеткен ерлерден үш есеге жуық көп
Қазақстанда 85 жастан асқан әйелдердің саны осы жасқа жеткен ерлерден үш есеге жуық көп
1 жыл бұрын 713 inform.kz Жанат Қапалбаева

Қазақстан халқының саны ресми түрде 20 миллионға жетті. Осыған орай Бірінші кредит бюросы қызықты демографиялық деректер ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

— Жас қыздардың ең көп шоғырланған жері Астанада. Жыл басында жас қыздардың үлесі халықтың 16,8 пайызын құрады.

— Жалпы жастардың үлесі үш негізгі қалада жоғары. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әрбір үшінші тұрғыны — 14 пен 35 жас аралығында.

— Қазақстандықтар арасында ең саны көп топ — 16 мен 62 жас аралығындағы ер азаматтар: 5,71 млн адам.

— Ұзақ өмір сүретін ерлерге қарағанда әйелдердің саны әлдеқайда көп. Жыл басында 85 жастан асқан қазақстандық әйелдердің саны 89,9 мың болса, олардың еркек құрдастары 2,7 есе аз болды. 

— Халық саны 22 жыл қатарынан өсіп келеді, ғасырдың басынан бері орташа өсім қарқыны — жылына 1,2%. 

— Өткен жылы әр 100 балаға 65 жастан асқан 28 адам келді. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында ең төмен (10,8), Шығыс Қазақстан облысында ең жоғары (56,9). 

0 пікір
Мұрағат