Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр
|
• Қазақстандағы мұнай өндірісінің 25%-ы қытайлық компаниялар үлесінде.
• Қытай мұнай компаниялары Қазақстанға осыдан 16 жыл бұрын кірген. Нақты айтқанда, 1997 жылы қыркүйек айында Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы - CNPC (China National Petroleum Corporation) «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 60% акциясын сатып алудан бастаған. Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының 100% каптиалы мемлекетке тиесілі екенін ескерсек, компания ҚХР-ның меншігі. Қазақстан мұнайын игеруді осылайша бастаған Қытай компаниялары өз позицияларын жыл өткен сайын күшейте түскен. Мәселен, CNPC 2001 жылы «Buzachi Operating Ltd» компаниясының 50% акциясын сатып алса, 2006 жылы «PetroKazakhstan» компаниясының да 50% акциясын алған. Сөйтіп, Ақтөбе облысында өндірілетін мұнайдың 97% Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясына қарасты компаниялардың үлесінде болып шыға келген. Бұл 9 жыл ішіндегі бір ғана облыстағы мұнай нарығындағы көрініс. Еліміздің басқа да мұнайлы облыстарында Қытай компаниялары жұмыс істейді.
• Қытайлық компаниялардың «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізі, «Қазақстан темір жолына» құятын 600 миллион доллар инвестициясы бар.
• Қытай өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа салаларға қызығушылық танытуда. Қос мемлекеттің басшылары 45 жоба бойынша бірігіп жұмыс істеуге келіскен.
• Қытайлар Қазақстанға 2008 жылы, екі ел арасындағы ынтымақтастық енді күшейе бастағанда ағылып келе бастапты. Ал 2012 жылы ресейлік профессор А. Маслов «Таяу жылдары Қазақстанға 5 млн қытай қоныстануы мүмкін» деген болжам айтқан.
• 2014-2015 жылы қытайлық «Хуанцю Шибао» ресми басылымы «Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр» деген.
• 2015-2016 жылдың өзінде елімізге заңды түрде келген қытай жұмысшыларының саны 100 пайызға артқан. Бір жылдың өзінде 11 860 қытай азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген. Жалпы алғанда, Қазақстандағы еңбек мигранттарының 38 пайызы – қытайлар.
• Еліміздегі қытайлар қазақтардан 5 есе көп жалақы алады.
• 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды.
• 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанға – 11 713 қытайлық келген.
Соңғы кезде ел ішінде антиқытайлық көзқарас қалыптасты. Ілгеріде ақсақалдар "Қарақытай қаптаса, мүрдеңді қазып жейді" деуші еді. Өткен жылғы Жер дауынан кейін қытайлардың топ-тобымен Қазақстанға келуі жиілеп кетті. Бұл туралы ертеректе жазған ек. Біз көрген тобыр қытайдың дені турист екен.
Қазір Қазақстанда қанша қытай азаматы бар? Қазақ-қытай қарым-қатынастары қай деңгейде? Біз жауап іздеп көрдік.