Қазақстанда 26 мыңнан аса сайт пен сілтеме шектелді - ҚР АКМ
Қазақстанда 26 мыңнан аса сайт пен сілтеме шектелді - ҚР АКМ
8 жыл бұрын 2966

Қазақстанда жылдың басынан бері 26 мыңнан аса сайт пен сілтеменің жұмысына шектеу қойылды. Бұл туралы «Tengrinews.kz» ақпарат көзі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасовқа сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

"Жыл басынан бері уәкілеттің органның қызметкерлері, яғни ҚР АҚМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіндегілер 26 266 сайт пен сілтемеге шектеу қойған. Олардың ішінде терроризм мазмұнындағы 2384 сайт, порнографиялық 21 690 сайт, өзіне-өзі қол жұмсау мазмұнындағы 2192 топтың жұмысы тоқтатылды. Қалған шектеу қойылған топтардың қатарында ұлт арасындағы араздықты қоздыратын және онлайн казинолар бар", - деді Бектасов.

Сонымен қатар, ол жақында кез келген адам Ақпарат және коммункация министрлігінің сайтында ҚР заңына қайшы келетін ақпараттарды таратын интернет ресурстар туралы хабарлай алады. Айта кетейік, онда заң бұзушылық деректер анықталатын болса, қажетті шаралар қолданылады.

Айта кетейік, соңғы кездері өңірлерден "ВКонтакте" желісіндегі топтардың жұмысына шектеу қою қажеттілігі жайлы ақпараттар түседі. Әсіресе, қазақстандық жасөспірімдер жиі оқитын өзіне-өзі қол жұмсау мазмұнындағы топтардың жұмысына шектеу қою қажеттілігі жайлы ақпараттар жиі келеді. Ал кейбір өңірлерде әлеуметтік желілердің балаларға кері әсерін тигізуіне байланысты мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салуды ұсынып жатыр.

"Біз "ВКонтакте" желісінің өкілдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Олармен үнемі байланыстамыз. Оларға қай топтардың қызметін шектеу қажет екенін айтып отырамыз. Осылайша әлеуметтік желінің өкілдері қажетті топтардың жұмысына шектеу қойып отырады", - деді ведомствоның ресми өкілі.

0 пікір
Мұрағат