Қазақстанда 2021 жылы құжаттарды жасатудың құны қандай. Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?
Қазақстанда 2021 жылы құжаттарды жасатудың құны қандай.  Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?
4 жыл бұрын 8959 qazaly.kz

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі  2 917 теңгеге дейін өсті. Құжаттарды рәсімдеу құны қалай өзгергенін Stan.kz редакциясы ұсынады. 

Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. 

  • Паспорт алу үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

  • Жеке куәлік рәсімдеу үшін 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге төлеу қажет.
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.
  • Қазақстанда туу туралы куәлік рәсімдеуге ақша төлеудің қажеті жоқ - ол тегін беріледі. Бірақ, акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК, яғни 1 458 теңге беру қажет.
  • Неке тіркеу жас жұбайларға 1 АЕК немесе 2 917 теңге тұрады. Ал неке туралы куәлікті қайта жасату - 0,5 АЕК, 1 458 теңге.
  • Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж - 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс дейгейі қандай?

  • Ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге.

  • Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - 18 524 теңге.
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 43 272 теңге.
  • Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге.
Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай бүгінде жеке куәліктің жарамдылық мерзімі өтпесе де, қазақстандықтардың оны өзге бірнеше себеппен ауыстырып жүргенін айтады. Осы орайда ол Sputnik Қазақстан оқырмандарына жеке куәлікті ауыстыру үшін не істеу керектігін және не нәрсені ескеру қажет екенін айтып берді. 
 
"Қазақстандықтар жеке куәліктерін өз есімі, әкесінің аты және тегі ауысқан жағдайда, жеке куәліктің жарамдылық мерзімі біткенде, бет келбетінде хирургиялық немесе тағы басқа өзгеріс болған жағдайда ауыстырады. Сондай-ақ, кей адам өз қалауынша ауыстырып жатады", — деді департамент басшысы Мұрат Жұманбай.Әрі қарай ол жеке куәлікті ауыстыру кезінде киімге мән беру қажеттігіне тоқталды. Яғни, азаматтың киім үлгісі құжаттандыру талаптарына сәйкес келуі тиіс.
"Құжат ауыстыратын кезде азаматтың киім үлгісі тым ашық-шашық емес, беті мен құлағы ашық әрі жүзі толықтай көрінетіндей болғаны жөн", — деді ол.
Мұрат Жұманбайдың айтуынша, қазақстандықтар өзінің тегін кез келген уақытта ауыстыра алады. Ал есімін тек бір рет өзгерте алады. Жеке куәлікті қайта алу кезінде аты ауыспайды.

Күйеуімнің тегіне өту үшін не істеймін?

Департамент басшысының айтуынша, жеке куәлікті қандай себеппен ауыстыратыныңызға қарамастан, аса көп құжат әкелудің қажеті жоқ. Жеке куәлікті ауыстыру процесі тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асады.
"Күйеуіңіздің тегіне өту үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жеке куәлігіңізді, неке туралы куәлігіңізді алып ХҚКО-ға барасыз. Сол жерде тегіңізді ауыстыруға өтініш жазып, 481 теңге мемлекеттік баж салығын төлейсіз. Өзіңізбен бірге 3х4 суреттен төрт дана ала барғаныңыз жөн немесе оны халыққа қызмет көрсету орталығында түсуге болады", — деп түсіндірді Мұрат Жұманбай.
Мұнымен қатар, кей азаматтың салықтан босатылған жағдайда осы ақпаратты растайтын анықтама ұсынуы керектігін айтты. Заң бойынша салықтан алтын немесе күміс алқа иелері, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедек балаларды асырап алғандар, жетім балалар босатылған.
 
Мұндай жағдайда жеке куәлік 15 күнде дайын болады. Сондай-ақ, қосымша 5 000 теңге төлеп, бір жұмыс күнде немесе 2 752 теңге төлеп үш жұмыс күнінде әзірлетуге болады.

Есімімді өзгерту үшін не істеймін?

Мұрат Жұманбай қазақстандықтарға тегін ойдан құрастыруға тыйым салынғанын айтады. Бірақ азаматқа өзіне ұнаған есімді таңдауға рұқсат.
Есіміңізді өзгерту үшін, алдымен, ХҚКО арқылы азаматтардың хал актілерін жазу (АХАЖ) өкілетті органына акт жазбаларына өзгеріс енгізу туралы арыз жазу қажет. Өзіңізбен бірге мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес толық құжаттар пакеті болуы тиіс. Есіміңізді ауыстырғыңыз келетін өтініште неліктен мұндай шешім қабылдағаныңыздың себебін міндетті түрде жазасыз.
Мысалы, есім құлаққа жағымсыз естілсе, айтылуы қиын болса, азаматтың жынысы хирургиялық жолмен өзгертілсе және т.б. себеп болуы мүмкін. Есімді ауыстырған кезде де баж салығы 481 теңгені құрайды. 7 жұмыс күнінде дайын болады және бұл процесті жылдамдату қызметі жоқ. Акт жазбаларына өзгеріс енгізілгеннен кейін жеке куәлікті рәсімдеуге өтінім беру мүмкін болады.
 
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізімі:
  • өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат;
  • туу туралы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
  • некені қию туралы куәліктің көшірмесі;
  • кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • баласы асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
  • некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
  • 3х4 екі сурет;
  • мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
  • қызметті алушы атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруының себебін растайтын қосымша құжат.
Тегімдегі орысша жұрнақтарды алып тастауға бола ма?
Қазақстан Республикасы президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы Жарлығының "Ұлты қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Бұл ретте әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай "ұлы" немесе "қызы" сөздерi қосылып, бiрге жазылады" 1-тармағына сәйкес орысша жұрнақты алып тастауға болады.

Бала асырап алғанда тегін өзгерту үшін не істеймін?

"Баланың тегін өзгерту үшін ХҚКО-ға ерлі-зайыптының бірі барса жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, баланы асырап алғаныңызды растайтын құжат және өтініш қажет", — деді Мұрат Жұманбай.
1 пікір
Мұрағат