Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды
Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды
14 сағат бұрын 150 informburo.kz

Биыл Қазақстанда 15 өрттен балалар қаза болды, деп хабарлады informburo.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ата-аналарға 12 жасқа дейінгі балаларын үйде жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салуды ұсынды.
Балалар омбудсмені Ақмола облысында өрттен екі баланың қаза табуына байланысты пікір айтты.
Оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бастап елімізде балалар қаза болған 15 өрт дерегі болған, бұл оқиғалардың денінде балалар үйде жалғыз қалған.

Оқи отырыңыз: Енді балаларды міндетті медициналық сақтандыру арқылы сүндеттеуге болады

"Осы деректерді талдай келе, 12 жасқа толмаған балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Әрине, қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан көзделген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілгені маңызды", – деді Динара Закиева.

informburo

0 пікір
Мұрағат