Қазақстанда 100 мың адамға 444 полицейден келеді
Қазақстанда 100 мың адамға 444 полицейден келеді
8 жыл бұрын 2895

Таяуда американдық «Bloomberg» компаниясы тәртіп сақшыларының 100 мың адамға шаққандағы үлесін анықтау үшін тұрғындарының саны 5 миллионнан асатын мемлекеттер арасында зерттеу жүргізіп көріпті. Сөйтсе, біздің еліміз әлем бойынша 6-орыннан бір-ақ шықса керек. Бұл жайында "korrespondent.kz" ақпарат көзі хабар таратты.

БҰҰ-ның есірткімен және қылмыспен күрес бағыты тұрғысынан алып қарағанда, полицей – қылмысты ескерту және ашумен, ол бойынша тергеу жүргізіп, күдіктілерді қамауға алумен айналысатын мемлекеттік орган қызметкері. Бағыты бір болғанмен, басқа қосымша ведомстволарда жұмыс істейтіндер ол қатарға жатпайды. Рейтинг түзу кезінде осы жағы және соңғы үш жылдағы статистикалық деректер ескерілген. Нәтижесінде полицейлердің саны жөнінен Ресей, Түркия мен Италия үздік үштіктен көрініпті. 100 мың адамға шаққанда Ресейде – 564, Түркияда – 474, Италияда – 467 тәртіп сақшысынан келеді. Кения, Венгрия, Гвинеяда тиісінше тым аз. Ресейден бөлек, ТМД елдерінің арасынан Қазақстан да бұл тізімге еніп отыр. 100 мың тұрғынға 444 тәртіп сақшысынан келеді екен. Сонда елімізде тас атсақ тәртіп сақшыларына тиетін болғаны ғой. 

1 пікір
Мұрағат