Қазақстан туризм индустриясы комитетінің ескертуі
Қазақстан туризм индустриясы комитетінің ескертуі
10 жыл бұрын 3270

Қазақстан Республикасының туризм индустриясы комитеті шетелге барып, демалғысы келетін еліміздің азаматтарына мынадай ескерту жасайды: әлемдегі бірқатар елдерде коронавирус өршіп тұр. Атап айтқанда, Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катарға, Иорданияға, Кувейтке, Мысырға, Йеменге, Ұлыбританияға, Туниске, Оманға, Францияға, Германияға, Грекияға, Италияға, Малайзияға, Филиппинге, АҚШ-қа бармауға кеңес берді. Сауд Арабиясының 573 адам коронавирусты жұқтырған. Олардың 173-і қаза тапты. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті аталған елдерге барып келген ел азаматтарына сақтық үшін анализ тапсырып, тексеруден өтудің қажеттілігін алға тартып отыр.

Таяу Шығысқа бағдарланған туристік операторлар мен туристік фирмалар аталған аймаққа сапар шегетін ел азаматтарына ондағы эпидемиологиялық ахуал жайында құлақтандырып, олардың қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалауы керек.  

Коронавирус жануарлардан, сондай-ақ, адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады. Коронавиурс тұмаурату, пневмония, безгек, бүйрек, т.б.  сырқаттарды қоздырады. Статистика бойынша осы ауруды жұқтырғандардың үштен бірі қаза табатын көрінеді, өйткені, коронавирустан емдейтін дәрі әлі табылған жоқ.

0 пікір
Мұрағат