2017 жылдың екінші тоқсанында үй шарушылығына кететін шығын 13,5%-ға (54,6 мың теңге) өсіп, жалпы 459,5 мың теңгені құрады. Ал ақшалай кіріс 8,1%-ға өсіп (36,2 мың теңге), 484,9 мың теңге болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан тұрғындары қойдың етін жеуді азайтты
|
Биыл екінші тоқсанда үй шаруашылығында ет пен ет өнімдеріне кететін ақша барлық шығынның 14,2%-ын құрап, 65,3 мың теңге болды. Былтыр бұл көрсеткіш – 14,0% еді. Бір жыл ішінде 14,8%-ға (8,4 мың теңге) өсіп отыр.
Елімізде 2017 жылдың соңғы тоқсанына қарай халықтың ет өнімдерін тұтынуы 1,6%-ға немесе 17,5 келіге азайды. Осы көрсеткіштің ішінде 10,9%-ы қой етіне тиесілі.
2017 жылдың қазан айында бір кг қой етінің бағасы 1362,7 теңге болды. Яғни бағасы бір жыл ішінде 14,0%-ға (167,2 теңге), ал айына 0,4%-ға (4,8 теңге) өскен. Былтыр қазан айында сиыр етінің бағасы 3,4%-ға қымбаттап (3,9 теңге), бағасы 1195,5 теңгеге дейін барды.
ҚР қалаларының ішінде ең арзан қой еті Оралда 1 100 теңгеге сатылып жатыр. Бір жыл ішінде 7,8%-ға (80 теңгеге) өскен. Бұдан өзге қой еті Ақтөбе қаласында арзан бағаға сатылып жатыр. Бір келісінің бағасы – 1 141 теңге. Үштікті Өскемен қаласы бекітті. Аталған қалада қой етінің келісі 1156 теңгеге сатылып жатыр.
Ең қымбат қой еті Астана, Алматы және Ақтау қалаларында сатылып жатыр. Алғашқысында келісінің бағасы – 1 722 теңге, Алматыда – 1 656 теңге, Ақтауда - 1 448 теңге. Қой еті бір жыл ішінде Алматы қаласында – 324 теңге, Шымкенте – 269 теңге, Астанада 235 теңгеге қымбаттаған.