Қазақстан сотталушылар саны жағынан әлемде 61-ші орында
Қазақстан сотталушылар саны жағынан әлемде 61-ші орында
8 жыл бұрын 3366 skifnews.kz 24.kz BNews.kz gomel.today

Биыл Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 5 мың адам түрмеден босатылған. Ал, жазасы жеңілдеп, шартты түрде бостандыққа жіберілген сотталушылардың саны 15 пайызға артып отыр. Осылайша, түрмедегі сотталушылардың саны жағынан еліміз 61-ші орынға төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2002 жылы сотталушылардың саны жағынан Қазақстан әлемдегі үшінші ел атанған екен. Аталған салада жүргізілген реформалардың нәтижесінде соңғы он жылда түзеу колониялары айтарлықтай босап қалған. "Жылдың соңына дейін Қазақстанда қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 6 түрменің көзі жойылады. Сотталушылардың санының күрт азаюына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігімен коммуналды-тұрмыстық жағдайы төмен мекемелер бұзылады. Жыл басынан бері 3 түрме жабылды", - деп атап өтті А.Сәдубаев. Түрмелердің босауы ондағы тұрмыстық жағдайдың реттелуіне және сотталушылардың тарықпай өмір сүруіне алып келеді.

Қазақстанда жыл соңына дейін 6 түрме жабылады (видео)

Шымкентте тұрғызылуы тиіс 1,5 мың орынға арналған заманауи колонияның жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеу аяқталып келеді. Дәл осындай үлгіде Астана, Петропавл, Қызылорда, Қарағанды және Оралда ғимарат салынады. Ол үшін жер телімдері де бөлінген. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты. Жазасын өтеушілердің азаюына байланысты министрлік бірнеше мекемені жабу туралы шешім қабылдаған. Соңғы 1,5 жылдың ішінде үш колония оңтайландырылыпты. Ал жылдың соңына дейін тағы 6 нысан жабылады. Есесіне, оқшаулау, түзету мекемелеріндегі жағдай оңалады. Айталық, сотталған ер адамды қамау үшін 2,5-3,5 шаршы метр берілсе, әйелдер үшін 4 шаршы метр тиесілі. Айта кетейік, бұл жаңа ереже болып отыр. Бүгінде бір жазасын өтеушіге жылына мемлекет 776 мың теңге шығындайды. Ал, аты-шулы электронды білезіктер жобасы үшін 2014-2015 жылға бюджеттен 2 млрд 400 млн теңге қаржы бөлінген. Алмас Садубаев, ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры: - Ең бастысы, ол білезікті серверлік қамтамасыз етуіміз керек. Ол үлкен бағдарлама болып табылады. Азаматқа тағуға ыңғайлы болуы керек. Ол еркін алып тасталмауы керек. Кейбір азаматтарға үйінен шығуға тыйым салынған. Осы жүйе арқылы біз қадағалап отырамыз.

Елімізде бір тұтқынды ұстауға жылына 700 мың теңгеден астам қаржы жұмсалады

Қазақстанда бір тұтқынды ұстауға 776 мың теңге жұмсалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин мәлім етті. «Бір тұтқынды асырауға 776 мың теңге кетеді. Бұған тамақтандыру, қызметкерлердің жалақысы, коммуналдық қызметтер кіреді. Яғни пенитенциарлық жүйенің барлық шығыны», - деп атап өтті Бауыржан Бердалин. Сондай-ақ, Б.Бердалин батыс елдерінде сотталғандарды ұстауға 8 мың доллардай жұмсалатынын атап өтті. Бердалиннің айтуынша, құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері Қарағанды мен Шығыс Қазақстан обылысында, Жаңғызтөбе кентінде жазасын өтеп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат