Қазақстан шетелге құнды металл сатуды азайтып жатыр
Қазақстан шетелге құнды металл сатуды азайтып жатыр
7 жыл бұрын 2599 naryk.kz

Жыл басынан бергі жеті айда Қазақстан жалпы құны 316,4 млн доллар болатын 603,1 тонна күміс экспорттаған. 

Статистика комитетінің мәліметінше, аталған көрсеткіш 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 24,3% азайып, ақшалай көлемде 8,5% қысқарған.

Қазақстан күмісінің басым бөлігі Британияға жөнелтіледі. Бұл ел Қазақстаннан $262 млн-ға 505 тонна күміс сатып алады. Дегенмен, биыл бұл елге экспорт көлемі 28,3% азайды.

Одан кейін Германия $46,5 млн-ға 83,4 тонна күміс аласа, АҚШ $7,8 млн-ға 14,6 тонна сатып алды.

Алтын сату көлемі де айтарлықтай азайып, тіпті, нөлге жақындады. Өткен жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан $14,1 млн-ға 0,6 тонна алтын сатса, биыл осы уақытта бар болғаны $2,9 мыңның алтынын сатқан. Былтыр біздің алтынды Ресей мен Британия сатып алса, биыл тек Британияға ғана жөнелтілген.

0 пікір
Мұрағат