Қазақстан Парижде болған лаңкестікті қатаң айыптады
Қазақстан Парижде болған лаңкестікті қатаң айыптады
9 жыл бұрын 3444 baq.kz

Қазақстан Парижде болған барлық түрлері мен көріністеріндегі терроризмді қатаң айыптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ арнайы мәлімдемесіне сілтеме жасап.

 "Біз француз халқына, еш жазықсыз қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз, сонымен қатар зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектеспіз", - деп жазылған ведомствоның арнайы хабарламасында.

"Қазақстан БҰҰ аясындағы терроризммен және экстремизммен күрес ұйымы аясында қолдау көрсетуге дайын екенін жариялайды, адамзат баласы бірігу арқылы ғана осы зұлымдықтарды жеңе алады. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы БҰҰ аясындағы әлемдік антитеррорлық желі мекемесі болуы мүмкін", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Сонымен қатар, ҚР СІМ арнайы өкілі Алтай Әбибуллаевтің айтуынша, қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. "ҚР СІМ "жедел телефон желісін" іске қосты: +7717272111. "Жедел телефон желісі" Қазақстанның Париждегі елшілігінде де ашылды: +33 1 45 61 52 00. Париждегі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналған жерлерден қашу ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Le Monde басылымының мәліметінше, Париждегі теракт салдарынан 140 адам қаза тапты. Белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін "Батаклан" театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.

0 пікір
Мұрағат