Қазақстан ондаған ел азаматтарына виза беру мерзімін қысқартпақ
Қазақстан ондаған ел азаматтарына виза беру мерзімін қысқартпақ
6 жыл бұрын 3301 Abai.kz

Қазақстанда ондаған елдің азаматтарына визаны электрондық форматта рәсімдеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы 24 қыркүйекте мәжілісте үкімет сағатында Қазақстандағы туризм саласын дамыту жөніндегі есебін таныстырған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, электрондық рәсімдеу виза алу мерзімін бес күнге дейін қысқартады. "Жыл соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында 128 елдің, оның ішінде Үндістан, Қытай, Иран мен Парсы шығанағы елдерінің азаматтарына электрондық виза беру механизмі сынақ түрінде іске қосылады" деді Мұхамедиұлы.

Оның сөзінше, қазір саяси тұрақты және дамыған 64 елдің азаматтары Қазақстанға туристік және басқа да мақсатта визасыз кіре алады. 2018 жылдың соңына дейін Алматы мен Астана қалаларынан транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағатқа дейін визасыз режим орнатылған.

0 пікір
Мұрағат