Қазақстан Нью-Йорк пен Жапонияға тікелей әуе рейстерін іске қосады
Қазақстан Нью-Йорк пен Жапонияға тікелей әуе рейстерін іске қосады
6 жыл бұрын 2099 7kun.kz

Биылғы жылы Қазақстан АҚШ-та ұшу үшін аккредиттеу рәсімінен өтеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы ведомство «Эйр Астана» әуекомпаниясымен бірлесіп Жапонияға, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынасын ашу бойынша шаралар қабылдайды.

«Осы жылы Қазақстанда төрт ірі мегаполисте әуе рейстері іске қосылады. Бұдан басқа, біз жақында АҚШ-та ұшу үшін аккредиттеу рәсімін бастаймыз», – деп атап өтті Қасымбек.

Министрлік Қазақстан мен АҚШ арасындағы ашық аспан үлгісі бойынша әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің жобасына қол қоюға әзір. Құжатқа наурыз айында қол қою жоспарлануда.

Бұған дейін хабарланғандай, «Эйр Астана» FlyArystan лоукостерін іске қосуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат