Қазақстан мен Катар арасында тікелей әуе рейсі ашылады әрі визасыз режим орнайды
|
Қазақстан мен Катар арасында тікелей әуе рейсі ашылады әрі 30 күнге дейін өзара визасыз режим орнайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Қазақтуризм» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне жөн сілтеген Tengritravel.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Qatar Airways әуе компаниясы 2021 жылдың қазан айында Доха (Катар астанасы) – Алматы – Доха бағыты бойынша аптасына екі мәрте тікелей әуе көлік қатынасын орнатады. Сондай-ақ, екі елдің азаматтары 30 күн визасыз келіп-кете алады. Қазақстан билігі аталған араб елімен іскерлік келіссөз жүргізіп, туризм саласына инвестиция тартылатын болады. Осы орайда пандемияға дейін Катардан туристік мақсатпен сапарға шыққандар қарасы 75 пайызға жеткенін айта кетпекпіз. 2019 жылы 2,8 млн катарлық азаматтың 2,1 млн-ы шетелге демалуға аттанған. Катар – әлемдегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі ең жоғары санаулы елдердің бірі.