|
Қазақстан мен Еуропа одағы серіктестіктің жаңа белесіне көтеріледі
|
Брюсселде Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтуға қатысты келіссөздің жетінші кезеңі аяқталды. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз баянында айтылғандай, Қазақстан мен ЕО келіссөзінде саяси, құқықтық, сауда-экономикалық, гуманитарлық, қауіпсіздік мәселелер қамтылған. Келіссөздің соңғы кезеңі үстіміздегі жылдың күз мезгілінде Астана қаласында өтеді. ЕО Орта Азиядағы мемлекеттердің арасында тек Қазақстанмен ғана стартегиялық маңызы зор осындай келіссөз жүргізіп жатқанын айта кету керек. 2013 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 53,4 млрд долларды құрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді