Қазақстан колонияларындағы радикалдықпен күрес тиімсіз болып шықты
Қазақстан колонияларындағы радикалдықпен күрес тиімсіз болып шықты
7 жыл бұрын 3136 sputniknews.kz Баубек Қоңыров

Сарапшылар радикалдық идеяларға іліккен қамалушының психологиялық портретін жасап, қазақстандық колония қызметкерлерінің өзі экстремист болуы қатеріне шалдығып отыр деп мәлімдеді

Қазақстан колонияларында радикалдыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс тиімсіз болып шықты, деп санайды Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI) Өңірлік өкілдіктің сарапшылары.  Бұдан бөлек, бұл жұмысқа тартылған қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері (ҚАЖК) бүгінгі таңда, радикалдық  діни ағымды ұстанатын сотталушыларымен қызмет бабы бойынша белсенді байланысқа түсетін адамдар ретінде қауіп-қатер аймағында қалып отыр.  Соңғы жылдары бас бостандығынан айыру орындары экстремизм жақтастары үшін өздеріне тартудың қолайлы ортасына айналған. Сондықтан көпшілік сарапшылар экстремизммен күресті бас бостандығынан айыру орындары мен өзге де жабық мекемелерде жүргізетін кез келді дегенді алға тартады. Ал түзету мекемелері мен ҚАЖ органдары қызметкерлері осы қызмет саласында өз маманының  хас шебері болуы тиіс.  Экстремистің бейнесі  Қазақстан түрмелеріндегі қамалушылардың радикалдануна жол бермеу мәселелеріне арналған ұлттық форум барысында Орталық Азия өңірінде де, посткеңестік кеңістікте де бұрын соңды жүргізілмеген эксклюзивті зерттеу нәтижелері ұсынылды. Сотталушылар арасында сауалнама 2016 жылғы қараша мен 2017 жылғы қаңтар аралығында Қазақстанның алты облысы: Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында жүргізілгені атап көрсетіледі.  

"Діндерді зерттеу орталықтары ассоциациясының" директоры Юлия Денисенконың сөзіне қарағанда, тұжырым үш тірек – мемлекеттік  органдардың статистикасы, зерттеудің өзі мен салыстырмалы талдаудан жасалған. Сондай-ақ, жүргізілген талдау террористің әлеуметтік бейнесін анықтады.  "Ол, әдетте, орта білімді 28-29 жас шамасындағы жұмыссыз жас жігіт, үйленген, бірнеше баласы бар. Бұл сипаттаулар, шын мәнінде, зорлық экстремизммен байланысты қылмыстар үшін сотталғандар континентімен жүргізілген зерттеумен расталды. Бірақ, әлеуметтік сипаттамалар, өкінішке орай, радикалдық көзқарастағы ұстанымдар тұрғысынан заңды аттап өтуге кім қабілетті деген сұраққа толық жауап бере алмайды. Өйткені, адамың ондай қоғамда болуы көбіне психологиялық және әлеуметтік құраушымен шартталған", — деді Денисенко. Оның атап өтуінше, зерттеу әлеуметтік статус емес, радикалдық себептермен қылмыс жасаған тұлғаның психологиялық бейнесін ашуға мүмкіндік берген. Зерттеуге үш тестілік топ: таза орта немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері, түйістіргілер, немесе тікелей байланысқа түсетін тұлғалар, зорлық экстремизммен байланысты әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін сотталғандардың өздері қатысты. Яғни, зерттеу қорытындыларына сәйкес, бірінші топта әлеуметтік белсенділік таныту, өз тағдырын өзі шешу қабілетін дамыту,  ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болу, өздерінің ынтымақтастық формаларын кеңейту қасиеті мен қалауы секілді сипаттамалар берілді.  "Екінші топ – олар "жоқ" деп айта алмайды, сондықтан олар көп уақыттарын өзге адамдардың мүддесіне жұмсайды. Олардың мақсаттарын жағдайлар немесе жандарындағы адамдар белгілейді. Олар әдетте эмоцияға беріледі, ойланбастан, импульсивті әрекет етеді, яғни даму деңгейі өте төмен. Олардың өмір сүру принциптері оң, бірақ оларды ашу, ыза үстінде "жеткізді" "шаршатты" дегенде көрсетеді", — деді "Діндерді зерттеу орталықтары ассоциациясының" директоры.  Ең негізгі үшінші топты зерттеу кезде сұралғандардың 46%-ының өздері туралы ұғымдары өшірілген, олардың тестілері 20-25%-ға толтырылған. Бұл жағдайда, сарапшы түсіндіріп өткендей, нәтижелер баяндалмайды және талдауға жатпайды.  "Символды түрде мұны "тамырым қатпаған; қай жерде тиімді, сонда барамын" деген сөз тіркестермен келтіруге болады. Деструктивті мінез-құлқы тән. Атап айтқанда, басқаларды, өмірді, тағдырды айыптау, өмір сүруге деген құштарлықтың болмауы. Ондай картинаны сыртқы насихат арқылы егілетін қандай да бір идеология немесе мағына көрік бере алады. Осы топтың  82% адамдарының қабылдау, сезіну, таңдау, жасау, ойлану, түсіну қабілеті алдыңғы топтармен салыстырғанда өте төмен, әлсіз айқындалған. Оларға ұйымшыл болу тән емес, өткені олардың барлығы өзгелер тарапынан бақылауға, алып жүруге,  ықпал етуге мұқтаж", — деп түсіндірді сарапшы. 

Алдымен жан, сосын рух 

Жоғарыда ұсынылған сипаттамалар өзгеруге жатпайды, өйткені, олар туа біткен немесе отбасында жеті жасқа дейін пайда болған. Сондықтан жиын барысында әрекет ететін және "көз үшін" тұрған сауығу стратегиясына назар аудару ұсынылды.  Ең маңызды тұжырымдарың бірі – тек сыни ойлау деңгейін көтергеннен кейін ғана сауықтандыруға теолог мамандарды тартуға болады. Ол уақытқа дейін олар теологтың немесе имамның не айтып отырғанын ұқпайды. Сондықтан алғашқы кезеңде психологтарды тарту ұсынылды. Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, сауығу процесінің өзі бір-екі әңгімелесуден тұрмай, жарты жыл немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақты болуы тиіс.  "Көпшілік сарапшылар сауығудан бас тартып, өз күштерін толығымен әлі анықталмаған контингент үшін күреске жұмсайды. "Дегенмен, меніңше сауықтыру қажет.  Кезкелген мерзім бір кездері аяқталады, ол адам бостандыққа шығады, оның жанында біздердің біріміз болуы мүмкін", — деп атап өтті Денисенко.  Темір тордың екі жағындағы экстремистік қатерлер Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI) Өңірлік өкілдік директоры Азамат Шамбилов, оның сөзіне қарағанда еңбекақысы төмен, жұмысы көп түрме персоналына назар аударды.  "Дүниежүзінде алғаш рет біз неліктен түрме персоналымен жұмыс істеуге тиіс екеніміз туралы айта бастадық. Өйткені, олар сотталушылардың жаңа қоғамдағы өмірге бейімделуіне, отбасына оралуына жауап беретін тұлғалар. Егер түрме персоналы шаршаңқы, еңбегі төмен бағаланған, жұмыс істегісі келмейтін болса бас бостандығынан айыру орындарынан шығатын қандай жақсы азаматты күте аламыз? ІІМ осы орайда Қылмыстық атқару жүйесі комитетімен қызметкерлерді дайындау мен кейіннен олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейді: қызметкерлердің жүктемесін қалай төмендетіп, бұл ретте түрмелерді тиімді басқара аламыз", — деді өз кезегіне Шамбилов. Оның сөзіне қарағанда, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан тағы өзге елдердегі төмен әлеуметтік қамтылу қылмыстық атқару жүйесі, ІІМ, прокуратура қызметкерлерінің радикалдануына және радикалдық топтарға тартылуына әкеп соқтырған.  "Менің пікірімше, Қазақстанда да ондай деректер бар, бірақ біз оларды әзірге аша қойған жоқпыз. Бүгінде қызметкерлердің өздері әлеуметтік қорғалмаған және психологиялық тұрғыдан тұрақсыз  болса қызметкерлердің өзін қалай қорғаймыз деген үлкен мәселе тұр. Мәселен, Нидерландыда колония қызметкерлері төрт күн жұмыс істейді. Бесінші күні олар сабақ өтеді, тренингтік бағдарламалар өткізіп, психологиялық жеңілдеулер жасайды. Ал біздің қызметкерлер аптасына алты күн жұмыс істейді", — деді  PRI Өңірлік өкілдік директоры. 

0 пікір
Мұрағат