|
Қазақстан жылқы ауруынан таза ел мәртебесін алды
|
Қазақстан Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 84-отырысында жылқы ауруынан таза ел ресми мәртебесін иеленді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Парижде 22-27 мамыр аралығында өтіп жатқан Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 84-отырысында Қазақстан жылқы ауруынан таза ел ресми мәртебесін алды», - деп жазылған ҚР АШМ хабарламасында.
Аталған мәртебе елімізге ат спортын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Халықаралық эпизоотиялық бюро Қазақстанның аусылмен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламасын бекітті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін