Қазақстан жібек жолын жаңғыртуға мүдделі
|
Жаңа жібек жолы Азия-Тыны мұхит аймағының экономикасына тың серпін береді. Нақтырақ айтқанда, іргеміздегі Қытай, Жапония, Үндістан және Корея мемлекеттерімен қатар батыс пен шығыстың арасын жалғайтын жібек жолы Қазақстанның да әлеуетін арттыратын болды. Азия-Тынық мұхиты аймағы жылдам қарқынмен дамып келе жатқанын әрі аталмыш аймақта 3,5 млрд адамның (тұтынушының) шоғырланғанын ескерсек, сауда байланысын жандандыруға мүмкіндік беретін жібек жолының маңызы артатын болды. Жібек жолы Қазақстанның үстінен өтетіндіктен экономикамыз транзиттік дәлізден ұтары көп.
Нақты санмен өрнектесек, 2050 жылға қарай Азия экономикасының даму сценариі бойынша ішкі жалпы өнім 174 трлн. доллларға жетеді. Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 18,5 трлн. долларды құраған еді. Жуырда ғана елімізге ресми сапармен келген Азия даму банкінің өкілдері де жібек жолын жаңғырту мәселесіне мән берген болатын. Соңғы жылдары еліміз осынау мәртебелі қаржы мекемесімен бірге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын жүзеге асырып жатыр.