Қазақстан жастарының 80%-ы отбасын басты құндылық деп санайды
Қазақстан жастарының 80%-ы отбасын басты құндылық деп санайды
3 ай бұрын 373 inform.kz Эльмира Оралбаева

KAZINFORM — Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан жастарының 80%-ы отбасын басты құндылық деп санайды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сарапшылар жастар ортасындағы басты құндылықтар мен мүдделерді атап өтті. Зерттеуге 14 пен 34 жас аралығындағы 2000 респондент қатысты.

Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілігі (80,1%) отбасын негізгі өмірлік құндылық деп санайды. Осындай нәтижелердің қорытындысы төрт жыл қатарынан көрініп отыр.

Үйде күнделікті өмірде жастар қазақ тілінде жиі сөйлейді (72,9%).

Қатысушылар сондай-ақ жас ұрпақтың өмір сүру сапасы мен болашағын жақсартуға бағытталған тәжірибелерімен және әзірлемелерімен бөлісті.

Мұндай зерттеулер жастар саясатының тиімді стратегиясын құру үшін қажет.

0 пікір
Мұрағат