Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтеді
Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтеді
9 жыл бұрын 3004 E-ISLAM

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні Дін істері комитеті «Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық – болашағы біртұтас ұлт платформасы» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының V Форумын өткізу жоспарланған.

Дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық-сарапшылық сүйемелдеу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алудың жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу, елдегі дінтанулық білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясаттың басым мақсаттарын іске асыру бойынша алдағы жұмысты анықтау Форумның мақсаты болып табылады.

Форум өз жұмысын пленарлық отырыстан бастап, келесі тақырыптық бағыттар бойынша үш секциялық отырыспен жалғасады:

1 секция - «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері: проблемалары мен перспективалары»;

2 секция - «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани дәстүрлердің сабақтастығы»;

3 секция - «Білім беру ұйымдарында дінтануды оқытудың ерекшеліктері: проблемалары мен шешу жолдары».

Сонымен қатар, Форум аясында еліміздің жалпы білім беру мекемелерінде «Дінтану негіздері» факультативті курсының үздік мұғалімдерін марапаттау рәсімі өтеді.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар, теологтар, жалпы білім беру мекемелерінің «Дінтану негіздері» факультативті курсының мұғалімдері, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Форумға қатысу туралы өтінімдер келесі электрондық мекен-жайлар бойынша қабылданады: a.bisembayev@mks.gov.kzzh.karashulakov@mks.gov.kz,o.moldabekov@mks.gov.kz; байланыс телефондары. 8 (7172) 74-09-34, 74-09-84.

Ұйымдастыру комитеті

0 пікір
Мұрағат