Қазақстан билігі сот-медициналық сараптама үшін мәйітті сою процедурасына тыйым салуы мүмкін
Қазақстан билігі сот-медициналық сараптама үшін мәйітті сою процедурасына тыйым салуы мүмкін
9 ай бұрын 2293 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстан билігі сот-медициналық сараптама кезінде мәйітті сою процедурасынан бас тарту жолдарын қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Интерфакс» ресурсына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ҚР әділет министрлігінің жетекшісі Ерлан Сәрсенбаев хабарлағандай, сот-медицина сараптамасын өткізуде «виртуалды аутопсияны» енгізу мүмкіндігі пайдаланылуы ықтимал. Өйткені, мәйітті сою Қазақстан халқының «ұлттық және діни ғұрпына» қайшы келеді. «Виртиуалды аутопсия» әдісінде адам мәйіті компьютерлік томография арқылы зерттеледі. Министр жаңа тәсіл тек сараптама уақытын қысқартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, аталмыш процедура сапасын арттырады. Яғни, мәйітті сою секілді қорлаумен бірдей процедурасына қажеттілік болмайды.

0 пікір
Мұрағат