Қазақстан ас-ауқаттан өлу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің алғашқы ондығына кірді
Қазақстан ас-ауқаттан өлу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің алғашқы ондығына кірді
6 жыл бұрын 3059 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар дұрыс тамақтанбаудан болатын өлім-жітімі көп елдерді атады. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Йендегі Фридрих Шилле атындағы неміс университетінің ғалымдары 1990-2016 ылдар аралығында бұл бағытта кеңінен зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Нәтижесінен белгілі болғандай, бұрынғы КСРО құрамында болған елдерде ас-ауқаттан ажал құшатындар қарасы көп болып шықты. Аталмыш тізімде Өзбекстан көш бастап тұр: 100 мың адамға шаққанда 394 адам дұрыс тамақтанбаудан көз жұмған. Екінші орыннан Түркіменстан көрінген – 376. Ал үшінші орынға Қырғызстан жайғасқан – 350. Одан кейінгі орындарда Украина, Молдавия, Әзірбайжан, Белорусия және Тәжікстан табан тіреген. Елімізге келсек, 100 мың адамға шаққанда 306 өлім-жітім орын алады екен дұрыс тамақтанбаудан. Одан кейінгі орында Ресей тұр. Қазақстан осылайша дұрыс тамақтанбаудан болатын өлім-жітім бойынша әлем елдерінің алғашқы ондығына кірген. Сарапшылар бұл мәселеде Испания мен Израил тамақтан болатын өлім-жітім бойынша ең төменгі көрсеткішке ие.

0 пікір
Мұрағат