Қазақстан әлемдік жемқорлық рейтингінде 123-орында
|
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Әлік Шпекбаев еліміздің әлемдік жемқорлық рейтингінде 2014 – 2016 жылдар арасында 17 орынға көтерілгені туралы баяндады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасап. Ол, бұлай деп Алматыда жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырыс барысында айтқан. «Жемқорлық тақырыбы тек мемлекетті ғана емес, қоғамды да алаңдатады, бұл проблема барлық елдерде бар. Біздің елде жемқорлық деңгейі тым биік болғандықтан, біз әлем бойынша 123 орынды иеленіп отырмыз. Алайда, жүргізіліп жатқан жемқорлықпен күрес саясаты арқасында 2014 – 2016 жылдарда біз 17 орынға көтерілдік. Заң бұзушылық әкімшіліктерде де бар. Жемқорлыққа қатысты бес мың оқиға анықталды, оның 10 пайызы – аса ауыр қылмыстар. Бүгінгі таңда жемқорлықты азайтуға бағытталған 59 заң қолданыста. 2016 жылдың тоғыз айы ішінде Алматыда жемқорлық әрекеттері үшін 871 лауазым иесі жауапқа тартылды. Жемқорлықтың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында. Алматы әкімшілігі құрамындағы жемқорлық жайлаған бағыт – тұрғын үй құрылыс», - деген Шпекбаев мәлімдемесінде. Сондай-ақ, отырыс барысында Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек қалада жемқорлықпен күрес жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын мәлімдеді. Ол Алматы көшелерінде 700 бейнекамераның орнатылып, жүйенің тиімділігін арттыру үшін қосымша жабдық алу қажеттігін айтты. Қала бойынша 4 миллиард теңге көлемінде айыппұл жиналған.