Қазақстан $5 млн-ға америкалық қан сатып алды
|
Қазақстан Америка Құрама Штаттарынан тауар импорттау мөлшерін 60%-ға арттырды, деп хабарлайды LS.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында АҚШ-тан Қазақстанға жасалған импорт көлемі $584 млн-ға жетті, бұл 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60%-ға жоғары. Сонымен қатар Қазақстаннан АҚШ-қа жасалған экспорт есептік мерзім ішінде $74 млн құраған.
Қазақстан Америкадан $200 млн-ға құнды қағаздар мен банкноттар сатып алған. Сондай-ақ елімізге АҚШ-тан іштен жану қозғалтқыштары, ұшу аппараттары, автокөліктер, медициналық және өнеркәсіптік жабдықтар әкелінген. Оған қоса, АҚШ-тан жеткізілген тауарлар тізімін дәрі-дәрмек, құс еті және адам қаны толықтырып отыр. 2018 жылдың І тоқсанында адам қанын сатып алу көлемі $5 млн деңгейіне жетті.
Өз кезегінде Қазақстан АҚШ-қа радиоактивті элементтер, ферроқорытпалар, іштен жану қозғалтқыштарын және металл жөнеліткен.