Қазақстан 1 млн тоннаға жуық астықты экспортқа шығарды
|
Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда астыққа шаққандағы ұнды және 992, 7 мың тонна астықты экспортқа шығарды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды. Осылайша, 1 шілдеден бастап 544,1 мың тонна астық, 314,0 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы - 448,6 мың тонна) экспортталды.
Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн тонна астық және 2,1 млн тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.
Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте бірінші вице-министр Қ.Айтуғанов 2016 жылдың болжамы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиыны 22 млн тоннадан асады деп ақпарат берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
“Қара алтын” мәртебесі мұнайдан кофеге ауысуы мүмкін
■
Жер бетінде алғашқы өлмейтін шыбын пайда болды (видео)
■
Ғалымдар қажетсіз дыбыстарды құмықтыратын «дыбыс көпіршігін» жасады (видео)
■
Ғалымдар уақытты өлшеудің тың әдісін ойлап тапты
■
Супер бактериялармен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді