Қазақ төлқұжатынан кімдер бас тартты?
|
Былтыр қаңтар-маусым айларында елімізден 20 071 адам көшсе, биыл тап осы мерезімде, яғни, COVID-19 кезінде олардың мөлшері 45,3%-ға кеміп, қазақ елінен 10 977 адам өзге елден өз бақытын іздеп қоныс аударды. Бұл жайында Abai.kz ақпарат көзі мәлім етті.
Бұлардың ішінде ТМД елдеріне атбасын бұрғандары – 9,8 мыңға тарта. Тарқата айтсақ: Ресейге –9,5 мың, Өзбекстанға – 131, Беларусқа – 101, Қырғызстанға – 33, Украинға – 22 және Әзербайжанға – 16 адам ауа көшті.
Әлемнің қалған алыс-жақын елдеріне қазақ жерінен көшкендер саны: 1169 адам. Олардың 780-і – Алманияда, 131-і – АҚШ-та, 59-ы – Канадада, 20-сы – Израилде, 17-сі – Түркияда, 7-сі – Грекияда тұрғанды хош санапты.
Қазақ елінен біржола кеткендердің 15 жастан асқандары – 7921 адамды, құраса, ал, 15 жасқа дейінгілері – 2,6 мың бала мен жасөспірімдерден тұрады. Осылардың ішінде жоғары жалақы үшін түре көшкен техникалық білімді мамандардың қарасы 1,8 мыңның төңірегінде.
Қазақ төлқұжатын өзге елдің азаматтығына алмастырғандардың ішінде 503 – қазақ, 7705 – орыс, 890 – неміс, 759 – украин, 271 – татар, 141 – поляк, 138 – белорус, 81 – өзбек, 73 – кәріс, 47 – шешен, 44 – әзербайжан және басқада өзге ұлт өкілдері бар.
Алаш баласының шетелге аууы процесінде тек аралас некедегі және жалғыз басты орыс тілді қазақтардың қарасы басым.