Қазақ халқы да қартайып барады: еліміздегі қарттар қарасы қанша
|
1990 жылдың желтоқсан айының 14-і күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы күллі әлемде халықтардың қартаю проблемасына адамзаттың назарын аудару мақсатында қазан айының 1-і күнін Қарттар күні ретінде жариялаған болатын. Жасы алпыстан асқандар қарасының көбеюі өз кезегінде әлеуметтік, демографиялық, экономикалық шешімін күткен мәселелерді көлденең тартты. Постиндустриялық кезеңнен кейін қарқын алған аталмыш үрдіс XXI ғасырдың демографиялық құрылымына орасан зор өзгеріс алып келді. Демографтардың болжамынша, 2050 жылға дейін әлемдегі жасы 60-тан асқан қарттар қарасы 2,5 млрд. aдамға жетеді немесе адамзаттың 21%-ын құрайтын болады. Бұл аралықта балалардың саны да осынша көрсеткішке кемиді - 21%. Әлем бойынша қарттар қарасының артуына адамзаттың өмір сүру жасының ұзарғаны да өз әсерін тигізуде. Бір ғана Қазақстанның өзінде 2 млн-ға тарта зейнетер бар. Осы орайда forbes.kz сайтында жарық көрген төмендегі кестеден әлемдегі және еліміздегі қарттар санының үлесінің соңғы жылдары қаншалықты артқанын көре аласыз.