Қатыгездікке неге сонша немқұрайдымыз?
Қатыгездікке неге сонша немқұрайдымыз?
9 жыл бұрын 3499

Алматы көшесінде белгісіз біреулер жұрттың көзінше ер адамды қылқындырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Роликті Facebook әлеуметтік желісіне қолданушы Қуаныш Егімбаев жүктеді. "Осындай видео Желіде жүр. Күндізгі уақытта адамды өлтіріп жатыр, ешкім назар аудармайды. Соған қарағанда бұл Алматыда, Райымбек даңғылы мен Сайын көшелерінің қиылысында болған оқиға", - деп жазды ол. Бірнеше сағаттың ішінде бұл жазбаны 200 адам бөлісті, видеоны үш мыңнан астам адам көріп үлгерді. Өзге қолданушылардың айтуынша, оқиға Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында бүгін, 20 маусымда шамамен 18.00-де болды.

Видеода бір ер адамның мемлекеттік номері A966DXP деп жазылған автомобильдің маңында бір еркекті қылқындырып жатқаны көрінеді. Бұл әрекетті кадр сыртында бір қыз сипаттап, видеоға түсіріп тұрады. Алайда жапа шеккен азаматқа ешкім де көмек шақырғысы келмейді. Бірнеше секундтан кейін ер адам құлап түседі. Ролик авторлары болса ер адамның өліп қалғанын айтып, тұжырым жасайды. Кадрларда қара көк түсті Mercedes автомобилінің мемлекеттік номері анық көрінеді, болжам бойынша, H526UOM номерлі көлік қылқындырған адамның мүлкі.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиға жайында полицияға хабар берілгенін айтты. Оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз.

2 пікір
Мұрағат