Қателесіп, өзге әйелдің сүйегін жерлепті
Қателесіп, өзге әйелдің сүйегін жерлепті
10 жыл бұрын 3586

«Экспресс-К» басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласында елді елең еткізетін оқиға орын алды. Ғасырға жуық ғұмыр кешіп, 94 жасында дүниеден озған Евдокия Иванова есімді кейуананың сүйегін мәйітхана қызметкерлері шатастырып, оның туған-туыстарына өзге біреудің сүйегін берген. Айтылған күні кейуананың ағайындары жерлеу бюросының аза бөлмесіне кіріп келгенде шалқаларынан түсе жаздаған. Табытта өзге әйелдің сүйегі жатқан еді. Артынан белгілі болғандай, мәйітханада ауысып кеткен әйелдердің сүйектерінің бірі бұл уақытта жерленіп те қойған көрінеді. Қателік кеткені белгілі болғаннан кейін жерлеу бюросының жұмысшылары Евдокия Иванованың сүйегін қазып алған екен. Осыдан кейін сүйекті басқа жаңа табытқа салып, өзге мазарда жер қойнына тапсырыпты. Екі жақтың туған-туыстары мына сұмдықтан көпке дейін ес жия алмай жүрді.

0 пікір
Мұрағат