ҚАСИЕТТІ АЙДА ИСЛАМҒА БЕТ БҰРДЫ
ҚАСИЕТТІ АЙДА ИСЛАМҒА БЕТ БҰРДЫ
9 жыл бұрын 3231 islamtanu.kz/

Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітіне маусымның 28-күні 1997 жылы туылған орыс ұлтының тумасы Владик есімді қала тұрғыны келіп, ислам дінін қабылдауға ниеті бар екенін жеткізді, - деп хабарлайды аталмыш мешіттің баспасөз қызметі.

Алдымен ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін ислам діні - Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді. Және ислам дініне бет бұрған кез келген жан Оған күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді. Оған мысал ретінде дүниенің танымал спортшылары (Мұхаммедәли, Тайсон), өнер иелері мен ғылым адамдарын атады.

Мұнан кейін Владик өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, исламның алғы шарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан бірнеше құнды кітаптар табысталып, Владик бауырымызға бата жасалды.

0 пікір
Мұрағат