Қарыздық еңбек мәселелерін реттеу бойынша заңға толықтырулар енгізілді
Қарыздық еңбек мәселелерін реттеу бойынша заңға толықтырулар енгізілді
4 жыл бұрын 2519 Айжан Қалиева

Мәжіліс отырысында «Қарыздық еңбек мәселелерін реттеу бойынша» заңға толықтырулар қарастырылып, ұсынылған өзгерістер мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Заң жобасының нормалары қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан олардың еңбек үшін сыйақы алу құқығының сақталуына, еңбек жағдайларын қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

«Осы құжатта қарыздың еңбекті реттеу нормасы енгізілді. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік жағдайын сақтауда жаңа мүмкіндік деуге болады», - деді Нұрлан Нығматуллин.

«Қабылдаушы тараптың жұмыскерлері», «персоналды беру» деген жаңа анықтамалар ұсынылады, «еңбек міндеттері», «еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға» ұғымдарына нақтылау сипатындағы өзгерістер енгізіледі.

Бұдан басқа, Еңбек кодексін:

  • қабылдаушы және жіберуші тараптар жұмыскерінің құқықтары мен міндеттерін;
  • қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысынан төмен емес болып белгіленетін негізгі жалақы мөлшерін;
  • тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сондай-ақ қарыздық жұмыскердің еңбек қызметі уақытындағы жазатайым оқиғалар кезіндегі тергеп-тексеру тәртібін;
  • персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалармен толықтыру ұсынылды.

Сонымен қатар, Заң жобасында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

0 пікір
Мұрағат